26 тамыз 2023 | 08:55

Қостанайда Төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкеріне үкім шығарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
tobolinfo.kz

Қостанайда Төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкеріне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда Төтенше жағдай департаментінің 15 қызметкеріне үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың бірі, кадр қызметінің бастығы Бауыржан Әлімбаевқа пара алу және алаяқтық, ал қалған Наурызым, Әулиекөл, Ұзынкөл және Арқалық аудандарының өртсөндірушілеріне пара бойынша айып тағылды.

Әлімбаев әріптестеріне сыйақы үшін басқа бөлімшелерге ауысуға немесе қайта аттестаттаудан өтуге көмектесуге уәде берген. Алайда сотталушы қызметшіні ауыстыру жөніндегі шешімді жоғары тұрған басшылық, ал аттестаттау қорытындысы бойынша шешімді тұтас комиссия қабылдайтынын алдын ала білген. Демек, ол адамдарға көмектесе алмайтынын түсінген. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалған. Параның жалпы сомасы 500 мың теңгеден асады.

Реклама
Реклама

Сот Әлімбаевты алаяқтық (бір эпизод бойынша ақталды) және пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығына өмір бойына тыйым салып, азаматтық қорғау подполковнигі атағынан айырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Қалған 12 адамға айыппұл салынды, сонымен қатар, барлық атағынан айырылды. Сотталғандар 1-ден 7 миллион теңгеге дейін төлеуге тиіс. Екі айыпталушы ақталды, өйткені олардың кінәсі дәлелденбеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная