10 тамыз 2022 | 12:47

Қостанайдағы 5 жасар қыздың жоғалуы: іздеу бағыты өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызын іздеу шаралары тыныш режимде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызын іздеу шаралары тыныш режимде жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қостанай облысы ПД баланың ерекшеліктерін ескере отырып, іздеуді тыныш режимде жүргізіп жатыр. Аумақты тінту бағыты өзгерді. Бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде жылу таратқышы бар арнайы бөлімшелер жұмыс істеді, барлау тактикасы қолданылды. Таңертең 4 бағытта 100 шақырымға дейін созылған іздеу аймағын айналып өту қайта басталды", - делінген хабарламада.

Еріктілер, жанашыр азаматтар, сондай-ақ, Ұлттық ұлан, ШҚ, ҚР ҰҚКД әскери қызметшілері, кинологтар, полицейлер, ТЖД және басқа да құқық қорғау, арнайы органдар қызметкерлері іздеуді жалғастырып жатыр.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная