11 желтоқсан 2022 | 09:15

Қостанайлық полицейлер көпірден секірмек болған әйелді құтқарған ер адамды іздестіріп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қостанай тұрғыны полицияға көмектесіп, көпірден секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай тұрғыны полицияға көмектесіп, көпірден секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 10 желтоқсанда сағат 14:10-да 102-ге көпірден секірейін деп тұрған әйел туралы хабарлама түскен. Бұл ақпаратты сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі жеткізген.

"Тезірек келіңіздер, мен оны құтқаруға тырысамын", - деген қоңырау соққан ер адам.

Реклама
Реклама

Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Жалғас Шонов пен полиция капитаны Дулат Арманов тез арада жеткен.

"Біз келгенде, ер адам әйелдің қолынан ұстап, көпір үстіне шығаруға тырысып жатты", - дейді Жалғас Шонов.

Полиция капитаны Дулат Армановтың айтуынша, құтқарылған әйелдің жағдайы қуанарлықтай емес, ол тіпті аты мен тегін де атай алмаған. Оны шұғыл түрде полиция бөлімшесіне жеткізуге тура келген.

Ал жүргізуші әйелдің амандығына көз жеткізген соң, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Қиын жағдайдағы батыл әрекеті мен көмегін атап өту үшін ержүрек қостанайлықтан хабар күтеміз", - делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram