ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2023 | 14:12
Қостанайлық ҰОС ардагерінің медалі 8 мың еуроға сатылған
Қостанайлық ҰОС ардагерінің наградасы 8 мың еуроға сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанайлық ҰОС ардагерінің наградасы 8 мың еуроға сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
Әңгіме Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Петр Родионовқа тиесілі "Золотая Звезда" медалі туралы болып отыр. Ол соғыстан кейін Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылында тұрған. 1978 жылы Петр Родионов қайтыс болды.
"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, 2022 жылдың қарашасынан бастап ардагердің №8825 медалі ағылшын тіліндегі фалеристика сайттарының бірінде сатылымға шығарылған. Сатушы ретінде голландиялық Мэтт Янсен көрсетілген. Мэт Янсен медальді 8 000 еуро деп бағалаған.
Мақала авторы Қазақстанда өмір сүрген ардагердің марапаты Нидерландыға қалай барғанына таңғалған. Ардагер қайтыс болғаннан кейін медаль Петр Родионовтың ең жақын туыстарына мұра болды деген болжам бар.
Басылым "Стан-Центр" директоры Андрей Выпользовтың ақпаратын берген, ол Нидерланды азаматымен хабарласқан.
"Біз Кеңес Одағының батыры Петр Родионовтың медалін сатушы Мэтт Янсенмен байланысқа шықтық. Хат-хабарларға қарағанда, бұл ақылды, білімді еуропалық азамат, ол үшін кеңестік наградаларды сату "жай бизнес". Ол тіпті медаль сатылып кеткеніне өкініш білдірді. Сегіз мың еуроға. Кімге екенін айтпайды, коммерциялық құпия", - деп атап өтті басылым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также