31 тамыз 2023 15:01

Қостанайлықтар сібір жарасын жұқтырғандар туралы қорқынышты видеоны таратып жатыр

Сурет: alau.kz

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырғаны адамның қорқынышты кадрларын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырғаны адамның қорқынышты кадрларын таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Қарасу ауданында адамдар сібір жарасына шалдыққаны туралы видео тарады. Ауданда блокбекеттер орнатылып, ІҚМ-ді өртеп жатқаны айтылған.

Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ облыс әкімдігі ветеринария басқармасының "Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы" КМК бұл деректі растамады.

Реклама
Реклама

"Қарасу ауданының аумағы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Дегенмен, ТЖ қызметкерлері мұндай дерек Ақмола облысында тіркелгенін атап өтті. 29 тамыздағы ТЖМ қорытындысына сәйкес, Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылынан Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне сібір жарасы ауруына шалдығуы мүмкін 10 адам ауруханаға жатқызылған. Диагноз жеті адамда расталған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram