Көшуге дайындалыңыздар - Шымкент әкімі тарихи жерлерді саудагерлерден қайтарып алмақ

Шымкентте "Ескі ?алашы?" аума?ын абаттандыру ж?не ?айта ?алпына келтіру ж?мыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. Б?л туралы ?ала ?кімі ?абидолла ?бдірахымов "Ескі ?алашы?" аума?ында орналас?ан к?сіп иелерімен кездесу барысында айтты.

Шымкентте "Ескі қалашық" аумағын абаттандыру және қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы қала əкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Ескі қалашық" аумағында орналасқан кəсіп иелерімен кездесу барысында айтты.

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл аумақта, тарихи деректерге сәйкес, XIII ғасырда салынған цитадель бар.
Бүгінгі таңда жалпы ауданы 6,7 га жер учаскесінің ішіндегі 103 жер телімі кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға берілген. Бұған дейін құрылыс иелері әкімдіктен бірнеше рет ескерту алған.

"Көшуге дайындалыңыздар. Бұл мемлекеттік маңызы бар тарихи жер. Сауда қатарларының иелерін түсінемін, бірақ шұғыл шаралардың уақыты келді. "Ескі қалашық" аумағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жақында басталады", - деп қала әкімі үндеу жасады.

Реклама
Реклама

Мемлекет мұқтажына алынған жерлердің иелеріне өтемақы немесе "Ордабасы" секілді индустриялық аймақтарда жаңа сауда орындары ұсынылады. Бұл аймақта кәсібін жалғастырғысы келген кәсіпкерлер үшін жаңадан инфрақұрылым өткізіліп, кеңсе ғимараттары, қойма, темір жол тұйығы секілді аса қажет нысандар салынып қойған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама