ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қазан 2021 | 18:23
"Көзбояушылық болмасын". Тоқаев көгалдандыру бағдарламасы туралы пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды көгалдандыру бағдарламасы "көзбояушылықсыз жүзеге асуы керек" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды көгалдандыру бағдарламасы "көзбояушылықсыз жүзеге асуы керек" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында "Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы" тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда сөз сөйледі.
Президент көмірқышқыл газын сіңіруде орман өсіру маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Қазақстанда орман аз. Орман қорының ауданы 30 миллион гектар немесе бұл ел аумағының 11 пайызы болады.
"Биыл елді көгалдандыруда ауқымды бағдарлама басталды. 2025 жылға дейін екі миллиард ағаш отырғызылады. Бұл бастама үлкен халықаралық резонансқа ие ұлттық ауқымдағы жобаға айналып жатыр. Бұл міндет - өте өзекті, сондықтан оны көзбояушылықсыз жүзеге асыру керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Тоқаев Арал теңізінің құрғаған жеріне сексеуіл отырғызуды ұлғайту бағдарламасын қабылдағанын атап өтті.
"2025 жылға қарай 1,5 миллион гектарды қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл істе өзбек достарымызбен ынтымақтасамыз", - деді Президент.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также