02 сәуір 2020 | 14:41

"Көзбояушылықпен айналысуды доғарыңыздар" - Сапарбаев аудан әкімдерін сынап тастады

6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан білім беруге көшеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының білім беру мекемелерінің дайындығы туралы жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан білім беруге көшеді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының білім беру мекемелерінің дайындығы туралы жиын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапарбаев Байзақ ауданына барған сапарында жергілікті мектептің бірін көрген. Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектептегі оқушыларға қажет тақта мен парталар ескіріп кеткен. 

Реклама
Реклама

"Көзбояушылықпен айналысуды доғарыңыздар, нақты жағдайды көрсетіңіздер. Бұлай жалғаса берсе, біз тек білім беру саласын емес, басқа да саланы дамыта алмаймыз", - деді Бердібек Сапарбаев. 

"Егер Таразға жақын мұндай мектептердің жағдайы осы болса, шет аймақтағылар туралы не айтамыз? Мемлекет басшысының қашықтан оқуға көшу туралы тапсырмасын қалай орындаймыз?", - деп сұрады облыс әкімі. 

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыстың білім сапасы да мәз емес. Сараптама бойынша, өңірдегі көптеген мектепте компьютер, моноблок жетіспейді, ал 125 ауылдық мектепте Интернет те жоқ. Әкімдік баспасөз қызметінің айтуынша, "Қазақтелеком" өкілі бұл мәселеге қатысты жауап бере алмаған.  

Сапарбаев білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатыроваға барлық мектептерді қашықтан сабақ берудің дайындығын тексеруге, оқушылардың үй жағдайында білім алуға дайын екенін анықтау туралы тапсырма берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная