21 желтоқсан 2017 | 09:03

ҚР Әскери-теңіз күштері "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесімен толықты

Кеше, 20 желтоқсанда Ақтауда шекарашыларға су жаңа "Маңғыстау"кемесі табысталып, теңіз әскерінің жалауы салтанатты түрде көкке көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 20 желтоқсанда Ақтауда шекарашыларға су жаңа "Маңғыстау"кемесі табысталып, теңіз әскерінің жалауы салтанатты түрде көкке көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандық су көлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес арнайы шығарылған. Бұл осымен Оралдағы "Зенит" зауытында құрастырылған төртінші кеме. Экипаж құрамында 23 адам бар.

Реклама
Реклама

Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР ӘТК бас қолбасшысының вице-адмиралы Жандарбек Жанзақов қатысты.

Алдымен сөз алған аймақ басшысы: "Қазақстанның халқы бақытты деп толықтай айтуға негіз бар. Бүкіл дүниежүзі мойындаған ірі мемлекеттің қатарына ендік. Мәңгілік ел болуды мақсат еткен Отанымыз міндетті түрде мықты ел болу керек. Тәуелсіздікті алу бар да, тәуелсіздікті нығайту бар. Оны қорғау бар. Осы бағытта ең алдымен әскери күштерге тікелей байланысты. "Маңғыстау" кемесінің қатарға қосылуы - ірі тарихи жағдай. Қазақстанның әскери күштерінің күннен-күнге күшейіп келе жатқанындығының айқын көрінісі", - деді.

"Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесі - Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін жасалған.

Кеменің салмағы - 240 тонна. Ұзындығы - 41,75; ені - 7,8 метр. Жүзу қашықтығы - 1200 миль. Кеменің ерекшелігі - су астынан төнетін қауіп-қатер мен астыртын әрекеттерді алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ, заманауи артиллериялық құрылғымен, радиотехникалық қарумен жабдықталған.

​Жаңа көліктің тағы бір кереметі, жанармай қоры сағатына 60 шақырым жылдамдықпен ашық теңізде 10 тәулік жүруге жетеді. 

Айта кетейік, "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кемесінің техникалық сипаттамалары қарсыластың жауынгерлік суүсті кемесін, катерін және көлігін дербес және кемемен соққы беру күштерімен өзара іс-қимылда жоюды қамтамасыз етеді. Кеме бұл үшін қажетті жылдамдығы, басқаруы, жүзу алшақтығы, дербестігі, экипаждың мекендеу шарттары сияқты теңізде жүзу сапасына ие.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная