18 қазан 2019 | 12:39

ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметшілердің қызмет жағдайларымен және проблемаларымен танысты

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР ҚК-нің Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы ҚР ҚК-нің Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери бөлімдер мен гарнизон мекемелеріне бару бағдарламасы өте мазмұнды болды. Қорғаныс ведомствосының делегациясы әскери бөлімдер орналасқан жерде болып, жас офицерлердің, мерзімді және келісім-шарт қызметінің әскери қызметшілерінің тұру жағдайларымен танысты.

Реклама
Реклама

Генерал-майор Мұхамеджан Таласов жеке құраммен, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналарымен кездесіп, барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, ол әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің тәртіптің жай-күйі, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайы, бөлімшелердегі моральдық-психологиялық ахуал, проблемалық мәселелер туралы баяндамаларын тыңдады, сондай-ақ ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қажетті заң көмек көрсетіліп, әскери қызметке, тұрғын үй және зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер берілді.

Іс-шаралар ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы әртістерінің концерттерімен сүйемелденді. Сонымен қатар, АОСК қоян-қолтық ұрыс және қазақ күресі бойынша әскери спортшыларының өнерлері қойылды.

Сарыөзек гарнизонына бару әскери бөлім күнімен тұспа-тұс келді. Осы бойынша әскери жарыста үздік болған әскери қызметшілер марапатталды. Оларды ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары жеке құттықтады.

"Барлық әскери қызметшілерге әскери борыштарға адалдығы, қызметі мен Отан қорғау ісіне қосқан зор үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің тамаша қызметтеріңіз абырой, әскери ерлік пен патриотизмның айқын дәлелі", - деді ол.

Гарнизондарға бару барысында запасқа шығарылатын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді құттықтау және осы күзде Қарулы Күштерге қызметке жіберілетін әскерге шақырылушыларды шығарып салу ұйымдастырылды. Жас патриоттар да шетте қалмады. "Жас Сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері салтанатты түрде ант қабылдады.

Айта кету керек, ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс мақсаты - әскери қызметшілермен, олардың отбасы мүшелерімен кездесулер, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен проблемалық мәселелерін зерделеу, гарнизондардың әскери бөлімдері қолбасшылығының қызметін талдау, қолданыстағы заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіру және ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелерге ақпараттық-тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная