ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қазан 2017 | 12:54
ҚР ІІМ полицейдің мәйіт суретін әлеуметтік желіде жариялану дерегін тергеп жатыр
Қазақстанның Ішкі істер министлігі "ВКонтакте" желісінде полицейдің атынан жарияланған суреттер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Ішкі істер министлігі "ВКонтакте" желісінде полицейдің атынан жарияланған суреттер жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адамшошырлық суреттерді Желіде жариялаған қолданушының құқық қорғау органдары қызметінде жұмыс істемейтіні анықталды.
"Ол "Қазақфильм" киностудиясында полиция жайлы фильм түсірген компанияда күзетші болып қызмет атқарған. Актерлердің гардеробына емін-еркін күру мүмкіндігін пайдаланып, полицейдің формасын киіп, суретке түсіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Суретті қыздыра түсу үшін ол Әскери киімдер мен заттарды сататын дүкеннен ІІМ безендірілген әмиян мен қолкісен сатып алып, өзіне тіркелген газ тапаншаны және ғаламтордан жүктелген суреттерді, оның ішінде мәйіттің суреттерін жариялаған. Көрінеу жалған мәліметтерді жариялау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ҚР ІІМ өкілдері.
Осыған дейін, қазақстандық белсенді Жан Ботанов осы суреттерге назар аударып, пікір білдірген еді.
"Лайк үшін ВК желісінде Алматы қалалық полиция қызметкері П.Е. өзі түскен ауысымда тапқан кескіленген мәйіттің суретін жариялаған. Осыдан кейін ол құрбан болған адам туралы теріс пікір жазған. Бәлкім бұл Алматы құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін күнделікті әзіл шығар", - деп жазды белсенді.
ҚР ІІМ өкілдері "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде "Павел Егоров" есімімен тіркелген азамат полицияның формасымен ұстау кезінде өлтірілген адам денесімен суретке түскен суретін жариялаған.
Vk.com әлеуметтік желісінен скриншоттар.
Показать комментарии
Читайте также