27 ақпан 2014 21:48

ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

© akorda.kz

Қазақстан Республикасының Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігіне Жанат Қожахметов жауапты хатшы болып тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Қазақстанда 2013 жылы қараша айында құрылған. Агенттік мынандай қызметтерді атқарады: тұтынушылар құқығын қорғау, тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығын қамтамасыз ету, тұтынушыларға жүзеге асырылатын өнімдер мен қызметтердің техникалық регламенттерінде және нормативтік құжаттарында бекітілген талаптарының орындалуын, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздідігін оның сатылуы барысында бақылауды және қадағалауды іске асырады. Агентік басшысы болып Болатбек Қуандықов тағайындалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram