ПОДЕЛИТЬСЯ
14 желтоқсан 2018 | 11:36
ҚР ұлттық экономика министрі тағы бір қызметке тағайындалды
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі economy.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитетінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі economy.gov.kz сайтына сілтеме жасап.
"Самұрық-Қазына" АҚ директорлар кеңесінің жанындағы Стратегия комитеті мемлекеттік стратегиялық тапсырмаларды жоспарлау және іске қосу мәселелерін қарау үшін құрылған.
Стратегия комитетінің негізгі міндеті маңызды стратегиялық тапсырмаларды жіктеуді мынадай жолмен қамтамасыз ету болып табылады: "Қордың директорлар кеңесінде Қордың даму стратегиясын 10 жылдық кезеңге алдын ала мақұлдау және Қордың даму жоспарын 5 жылдық кезеңге одан әрі қарау үшін; Қордың директорлар кеңесінде Қордың Даму стратегиясы мен Даму жоспарын іске асыруды мониторингілеу және бақылау мақсатында Даму стратегиясының, Қордың даму жоспарының іске асырылу барысы туралы есептерді қарау;
Қордың ұлттық компаниялардың даму стратегиясының ұлттық стратегиялар, міндеттер және мемлекеттік бағдарламалардың декомпозициялық стратегиялық көрсеткіштерімен сәйкестігі туралы ақпаратын қарау".
Комитет Қордың директорлар кеңесінің тұрақты әрекет ететін консультативтік-кеңестік органы болып табылады.
Показать комментарии
Читайте также