“Креативті индустрияның дамуындағы іргелі өзгерістерді көрсетеді“ - Тоқаев Астанада өтетін байқау туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
“Креативті индустрияның дамуындағы іргелі өзгерістерді көрсетеді“ - Тоқаев Астанада өтетін байқау туралы видео кадры

Күзде Қазақстанда Astana AI Film Festival атты тағы бір маңызды халықаралық байқау ұйымдастырылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бұл креативті индустрияның дамуындағы іргелі өзгерістерді көрсететін жаһандық деңгейдегі алғашқы іс-шара болмақ. Жасанды интеллект шығармашылық табиғатына түбегейлі бетбұрыс әкеледі, өзін танытудың жаңа формаларын ашады әрі таланттардың алдынан шығатын кедергілерді азайтады. Қазақстан осы жаһандық жаңашылдықтардың бел ортасында болуға ұмтылады. Сонымен қатар жасанды интеллект әсерінен креативті индустрия жойылады, қазіргі күйінде сақталмайды деген пессимистік болжамдарды ескеру керек. Сондықтан барлық үрдісті бақылап, өзгерістерге дер кезінде бейімделу қажет. Фестивалді ұйымдастыру Қазақстанды халықаралық аренадағы инновациялар мен жасампаз бастамалар орталықтарының бірі ретінде көрсету үшін өте маңызды", – деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама