Кредит рәсімдеу кезінде алаяқтықтан қалай сақтану керек

© Tengrinews.kz

Бас прокуратура несие рәсімдеу кезінде алаяқтық құрбаны болмау үшін азаматтарға арнап жаднама дайындады.

Прокуратураның мәліметінше, соңғы уақытта несиені жылдам алу мүмкіндігі немесе жинақты көбейту туралы хабарландырулаh, электронды хаттар көп таратылады. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіру арқылы олардың ақшаға мұқтаждығын пайдаланады. Сонымен қатар, олар алдын-ала ақша салу арқылы несие мәселелерінің оңай шешілетінін айтады. 

"Мұндай ұсыныстардан бас тартып, бәрін алдын-ала зерделеп алыңыздар. Алаяқтардан сақтану оңай. Ол үшін несие берумен айналысатын банктер мен микрокредит ұйымдардың тізімімен ҚР Ұлттық банкінің ресми игтернет-ресурсынан (nationalbank.kz) танысып алыңыз", - делінген прокуратура хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқа қалалардағы филиалдарынан осындай мағлұмат алуға болады.


Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама