Кремнің орнына желім: танымал тәттіге қатысты хабарлама рас па?

Дина Шарипханова Корреспондент
Кремнің орнына желім: танымал тәттіге қатысты хабарлама рас па? ЖИ арқылы жасалған

Әлеуметтік желіде Oreo тәттісі қауіпті екені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда бұл тәтті "артерияны бітеп тастауы" мүмкін екені, ал кремі "пластикалық желім" екені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Oreo тәттісі қауіпті екені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда бұл тәтті "артерияны бітеп тастауы" мүмкін екені, ал кремі "пластикалық желім" екені айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

"Кондитерлік өнімдер, соның ішінде печенье Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында тек кеден одағының талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство ақпаратына сүйенсек, 2025 жылы Oreo печеньесінің үлгілері зерттелген.

"Зерттеу нәтижесінде микробиология және токсикология көрсеткіштері бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдай анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді", - деп жазылған хабарламада.

Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөзден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама