15 мамыр 2023 | 16:25

"Кірістің 95 пайызын алады". Депутат ақылы автотұрақтарды ретке келтіруді талап етті

Фото:elements.envato.com

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға сауал жолдады. Депутат елде ақылы автотұрақтарды ретке келтіруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға сауал жолдады. Депутат елде ақылы автотұрақтарды ретке келтіруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісменнің айтуынша, шын мәнінде ірі қалалардағы автотұрақ нарығы бірнеше оператор монополиясында.

"Алғашында ақылы автотұрақтар халық көп жиналатын орталық және іскерлік аудандарда ашыла бастады. Алайда 2021 жылы тек Астанада ақылы автотұрақтар саны 20 есеге өсті. Ақылы тұрақтар тыныш аудандарда пайда бола бастады", - деді депутат.

Реклама
Реклама

Бұл ретте, Нұртазаның айтуынша, автотұрақ үшін төлемнің негізгі бөлігі жеке саудагерлерге тиесілі. Ол бұл жағдайды қате деп санайды.

"Кірістің 95 пайызы жекеменшікке, 5 пайызы мемлекетке түседі. Бұл ретте абаттандыру, жол жөндеу, көшелерді тазалау шығындарын қала әкімшілігі өз мойнына алады. Келісімшарттың талаптарын әлеуметтік әділетті көзқараспен 2012 жылдан бастап қайта қараған дұрыс", - деді ол.

Сондай-ақ, депутат тұрақ ақысын төлемеген көлік иелеріне шамадан тыс айыппұл салынуы әділетсіз деп санайды.

"Айыппұл сомасы 10 350 теңге болады. Осылайша, азаматтар 100 теңге төлемесе, 10 000 теңге төлеуі керек. Яғни, 100 есе көп", - деді мәжілісмен.

Нұртаза ақылы автотұрақтарды қайта қарап, санын қысқартып, көліктер көп жүретін жерлерде ғана қалдыруды, сондай-ақ айыппұлды өндіріп алу тәртібіне құқықтық баға беруді ұсынды. Сонымен қатар, мәжілісмен ақылы автотұрақтарды бақылайтын мемлекеттік оператор құру мүмкіндігін қарастыруды немесе автотұрақтардың жауапкершілігін жеке меншік иелеріне жүктеуін сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная