ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қаңтар 2022 | 22:54
Кішігірім бір топ адамның мемлекет шешімдеріне ықпалы зор - Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кішігірім бір топ адам экономиканың негізгі секторларын толық бақылап, мемлекеттік шешімдер қабылдауға зор ықпал ететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кішігірім бір топ адам экономиканың негізгі секторларын толық бақылап, мемлекеттік шешімдер қабылдауға зор ықпал ететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бізде адамдар өте білімді емес шығар, бірақ қандай да бір жолмен олардың бизнесте жолы болған және бұл ойлануға итермелейді. Бұл қалай сонда? Мүмкін олар жолы болғыш адамдар. Бұл мені шынымен алаңдатады. Олигополия дегеніміз не? Бұл кішігірім бір топ адам экономиканың негізгі салаларын толығымен басқарады деген классикалық түсінік. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік шешімдер қабылдауға айтарлықтай әсер етеді, яғни олар жоғары басшылыққа өте жақын. Бізде де мұндай толық көлемде бар", - деді Президент "Хабар" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, мәселені шешу үшін шағын және орта кәсіпкерлердің санын көбейтуден бастау керек.
"Басқа амал жоқ. Жағдай жасап, несие ресурстарына қол жетімділікті қамтамасыз ету керек. Біздің экономикамыз онша үлкен емес. Қазір, әрине, еуразиялық интеграцияның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пайымдайтын уақыт емес. Біз еуразиялық интеграция шындығында өмір сүріп жатқанымызды мойындауымыз керек. Сондықтан оған бейімделіп, мемлекетіміздің мүдделері тұрғысынан артықшылықтарын табуымыз керек. Бұл үкіметіміз үшін өте үлкен, нәзік жұмыс деп айтар едім. Сондықтан мен біздің үкімет қызметінің осы бағытына барынша назар аударамын және тиісті министр премьер-министрдің орынбасары мәртебесін алды. Себебі ол Еуразиялық экономикалық комиссия аясында тең дәрежеде, соның ішінде Мәскеуде де келіссөздер жүргізуі тиіс", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Тоқаев Қазақстандағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде адамдарды бизнестің барлық түрі неге бір қолда деген сұрақ мазалайтынын айтқан еді.
"Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдардың қолында үлкен бизнес бар. Сонымен қатар, арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және басқаларына қол жеткізе алмай жүр", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также