ҚТЖ Алматы депо директоры қамауға алынғанын растады

ҚТЖ Алматы депо директоры қамауға алынғанын растады Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы вагон павдалану депосының директоры жемқорлық ісі бойынша ұсталды. Бұл ақпаратқа "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы вагон павдалану депосының директоры жемқорлық ісі бойынша ұсталды. Бұл ақпаратқа "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Бұған дейін БАҚ-та "Алматы вагон пайдалану депосының" филиалы "Тасымалдау процесі дирекциясы" басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 110 миллион теңге пара алды деген күдікпен жұмыс кабинетінде ұсталды делінген.

Жарнама
Жарнама

ҚТЖ пікірі

ҚТЖ кәсіпорын директоры 9 сәуірде қылмыстық іс аясында ұсталғанын хабарлады. Тергеу оның 2024-2025 жылдардағы қызмет кезеңін қамтиды. Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

"“Қазақстан темір жолы” ҰК" АҚ сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік принципін ұстанады және қолданыстағы заңнама аясында қажетті ақпарат пен материалдарды ұсына отырып, істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеуге жан-жақты көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.

Депода ішкі тексеріс басталғаны хабарланды. Компания заңбұзушылыққа себебі мен ол қалай болғанын анықтап жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін ҚТЖ өкілдері қосымша пікір беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, 28 мамырда Сенат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жаңа заңды мақұлдады, оған сәйкес қазақстандықтар пара беруді ұсынғаны немесе уәде еткені үшін де жазалануы мүмкін.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама