28 қазан 2022 | 08:32

ҚТЖ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындар құнына қатысты шешімін өзгертті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға әртүрлі тарифтер енгізу туралы шешімін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды", - деп хабарлайды"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Еске салайық, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20 пайызға қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

""Жолаушылар тасымалы" АҚ 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз", - делінген хабарламада.

Компания билет бағасын осылай өзгерту арқылы орындарды біркелкі бөлу және жолаушылардың төменгі орындарға сұранысын қанағаттандыруға болатынын түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная