Куәгерлер "Алтын Ордадағы" жолайрық ашылғаннан кейінгі кептелісті көрсетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Куәгерлер "Алтын Ордадағы" жолайрық ашылғаннан кейінгі кептелісті көрсетті © instagram/kris.p.almaty.official

Алматыда куәгерлер "Алтын Орда" базары маңындағы кептелісті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Бұл жерде жақында көптен күткен жолайрық салтанатты түрде ашылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда куәгерлер "Алтын Орда" базары маңындағы кептелісті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Бұл жерде жақында көптен күткен жолайрық салтанатты түрде ашылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"28 желтоқсан. Жаңа көпір. Райымбек даңғылына дейін кептеліс. Көпір ашылса, мәселе шешіледі деп кім айтты? Халық жағдай одан да нашарлағанымен келіседі. Сұмдық. "Алтын Ордада" кептеліс бұрын қалай болды, сол күйінде қалды", - дейді видео авторы.

Жарнама
Жарнама

"Алтын Ордадағы" көпір аяқталды, бірақ кептеліс жоқ", - дейді видеодағы дауыс.

Желіде пікір білдірушілер "ешқандай жолайрық кептеліс мәселесін шешпейтінін" айтты.

"Жолды кеңейту, жолақтарды ұлғайту, жолайрықтар салу кептеліс мәселесін шешпейтінін түсінетін кез жетті. Дамыған елдерде бұл бұрыннан белгілі, қоғамдық көлікті дамытып жатыр", - деп жазды пікір білдіруші.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама