ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қаңтар 2019 | 16:02
Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылады
Сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевты Шымкенттегі қауіпсіздігі орта деңгейлі мекемеге ауыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоспарлы бекітуге сәйкес, сонымен қатар сотталушы Қуандық Бишімбаев адвокаты мен туыстарының өтініш хатын ҚАЖ комитеті қанағаттандыруына байланысты Шымкентте орналасқан қауіпсіздік деңгейі орташа ИЧ-167/3 мекемесіне жазасын өтеуі үшін ауыстырылады", - делінген ҚАЖК хабарламасында, редакцияның ресми сауалнамасына жауап ретінде.
Сондай-ақ, комитеттегілер сотталушының ары қарай жазасын өтеу орнын шешу үшін ҚАЖ өңірлік департаменті айналысатыны айтды. Ауысу кезінде сотталушының мүддесі ескеріледі.
Бишімбаевқа қауіпсіздігі минималды мекемеге ауысуға рұқсат берілмеді. Экс-министр жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Мұндай шешімді Төле би аудандық соты шығарды.
Показать комментарии
Читайте также