ПОДЕЛИТЬСЯ
28 наурыз 2020 | 15:17
Құдалықта коронавирус жұқтырған Алматы облысының тұрғыны анықталды
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Аймақ әкімдігі COVID-19 анықталған аудандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Аймақ әкімдігі COVID-19 анықталған аудандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Билік өкілінің мәліметтері бойынша, олардың барлығы облыстың әр ауданында анықталған. Бірінші жағдайда Іле ауданының провизор госпиталінде карантинде болған 63 жастағы әйел вирус жұқтырған. Ол коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғынымен бір құдалықта болған.
Екінші жағдай Жамбыл ауданында тіркелді. 1997 жылы туған қыз 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы рейсімен келген.
Үшінші науқас Қарасай ауданының 1995 жылғы тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-22 аптасында.
"Барлық науқас Қарасай жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. Облыс әкімі Амандық Баталов аталған үш ауданда дезинфекциялық шараларды күшейтуді тапсырды", - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также