Күдіктілер жоқ: ІІМ Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған қайғылы оқиға туралы

Күдіктілер жоқ: ІІМ Астанадағы тұрғын үй кешенінде болған қайғылы оқиға туралы Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанадағы "Көркем" тұрғын үй кешенінде балалар қаза тапқан өрт дерегі бойынша қазіргі уақытта ешкім күдікті деп танылған жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы "Көркем" тұрғын үй кешенінде балалар қаза тапқан өрт дерегі бойынша қазіргі уақытта ешкім күдікті деп танылған жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтің сөзінше, қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

"Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 292-бап "Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бөлігі бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі айналысып жатыр. Кішкентай балалардың қаза тапқанын ескере отырып, Ішкі істер министрлігі де өз тарапынан тергеу жүргізіп жатыр", - деді Санжар Әділов.

Жарнама
Жарнама

ІІМ басшысы орынбасарының айтуынша, тергеу төтенше жағдайлар органдарымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

"Кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселесі міндетті түрде қойылады. Әзірге ешкім күдікті деп танылған жоқ, тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп түйіндеді ішкі істер министрінің орынбасары.

Мән-жайы

12 сәуірге қараған түні Астанада Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Пәтерде үш баланың денесі табылды. Өртсөндірушілер олардың анасын құтқарып қалды. Денесін күйік шалған ол №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Елордалық полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар полиция көлігі өрт болған тұрғын үй кешені ауласына кіретін жолды бөгеп тастаған жүргізушіні жазалады.

18 сәуірде өрттен аман қалған Астана тұрғыны есін жиғаны, бірақ жағдайы әлі де ауыр екені хабарланған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама