Күйеуінен сексуалдық қорлық көрген оралман әйелдің оқиғасын прокуратура тексеріп жатыр

© pixabay.com

Бас прокуратура адвокат Айман Омарованы? оралман ?йелге к?рсетілген зорлы?ы жайлы жаз?ан м?ліметін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, адвокат осы туралы Facebook желісіндегі пара?шасында жаз?ан болатын. Айтуынша, зорлы?ты? ??рбаны бол?ан оралман ?йел "Б?? ?йелдері" ?олдауымен ж?ргізілген "Зорлы?сыз 16 к?н" акциясы аясында ке?ес алу?а келген.

Бас прокуратура адвокат Айман Омарованың оралман әйелге көрсетілген зорлығы жайлы жазған мәліметін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, адвокат осы туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазған болатын. Айтуынша, зорлықтың құрбаны болған оралман әйел "БҰҰ әйелдері" қолдауымен жүргізілген "Зорлықсыз 16 күн" акциясы аясында кеңес алуға келген.

"Ол оралман әйел, орыс тілін білмейді, қазақ тілінде сөйлеуі де өзгешелеу. Тұңғышы сегіз жаста (үш баласы бар). Күйеуі басқа елде. Ол одан үлкен. Әйелінің құжаттарын тартып алған, интим қатынасқа келіспейінше оған құжаттарын бермей келген. Содан әйелін алдап, көлікке отырғызып, қонақүйге апарған. Бір қорап ұстараның жүзін алып шығып, әйелінен шешінуін сұраған. Әйелі қарсылық көрсеткен, бірақ ол оны ұстараның жүзімен қорқытып, оның қолын тіліп тастаған. Әйелі одан бұлай істемеуін сұрап, жалынған. Ал шешіне бастағанда ол әйеліне сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерді жасаған", - деп жазды адвокат.

Сондай-ақ, адвокат ер адамның өз әрекетін телефонға түсіріп алғанын және ол оның екінші әйелі болуға келіспеген жағдайда суреттерді Интернетке жариялап жіберемін деп қорқытқанын айтып берді.

Реклама
Реклама

"Енді оған тағы бір хабарлама келді. Онда әйелдің көрсетілген талаптарды орындамағанда не болатынын айтқаны жазылған. Ол әйелін жазалау үшін үш кезең дайындап қойған. Үшінші кезеңде ол үлкен ұлын өлтіріп тастайтынын айтады. Жазылғанның барлығы біздің қолымызда. Бұл жағдай Алматы облысындағы аудандардың бірінде болып отыр. Бас прокуратура! Көмектесіңіздер!", - деп жазды Айман Омарова.

Омарованың айтуынша, бұл оқиға Алматы облысы Ұзынағаш ауылында болған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама