ПОДЕЛИТЬСЯ
21 наурыз 2020 | 17:20
"Құжаттарды қарамайды". Алматыда блокпосттар арқылы адам өткізіп жүрген таксистің видеосы пайда болды
Алматыда ақшаға блокпост арқылы адамдарды тасып жүрген таксистті белгісіз біреулер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ақшаға блокпост арқылы адамдарды тасып жүрген таксистті белгісіз біреулер видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Онда таксистің жолаушымен әңгімесі анық естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от АВТОМАГНИТОЛЫ ? ? ? ? ? ? ? (@avtomajor.kz) 21 Мар 2020 в 12:52 PDT
"Алматылық нөмірмен өткізе ме?" - деп сұрады кадр сыртындағы адам.
"Иә. Қиындық жоқ. Ана жаққа апарып тастаймын, болды. Екі мың. Қорықпа. Құжаттарды алудық қажеті жош. Ешкім ештеңе тексермейді. Олар біздің көлікті біледі", - деп жауап береді жүргізуші.
Қазір таксисттің қолға түскені мәлім болды.
"Осындай "көмектескіштердің" бірін бүгін таңертең ғана ұстадық. Бұл жекеменшік тасымалдаушы, азаматтарды екі мың теңгеге посттан өткізуге уәде берген. Іс жүзінде оның мұндай мүмкіндігі болмаған, ол жолаушыларды бекет алдында, облыс аумағында қалдырып кетуді жоспарлаған, осылай оңай олжаға үміттенген", - деп хабарлады Алматы қалалық әкімшілік полиция басшысы Жандос Мұраталиев брифингте.
Еске салайық, Алматыға кіреберістерде 27 блокпост орнатылды. Бүгін 22 наурызға қараған түні қала толығымен жабылады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также