Құқықтық мәселелер бойынша қайда жүгінуге болады? Министрлік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Құқықтық мәселелер бойынша қайда жүгінуге болады? Министрлік жауабы Иллюстрациялық фото.

Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев Instagram-парақшасында ведомство жұмысы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрінің міндетін атқарушы Марат Бекетаев Instagram-парақшасында ведомство жұмысы туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекетаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Әділет министрлігі ТЖ жағдайында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсету жөнінде бірқатар шара қолданған.

"Құқықтық ақпарат қызметі тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті. Операторлар саны көбейді. Азаматтар осы бағыттағы сұрақтарына call-center +7 (7172) 58 00 58 және 119 нөмірлері бойынша жауап ала алады", - деді Бекетаев.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, ол ТЖ режимі аяқталғанға дейін барлық кезеңдегі істерді атқару және орындау тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы сот орындаушыларына хабарланған.

"Ел бойынша барлық өңірде туу туралы куәліктер кедергісіз тіркеледі, оның ішінде медицина ұйымдарында да", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама