Құлжа тасжолындағы жөндеу жұмыстары: жаздың аяғына дейін көлік қозғалысы қалай өзгереді?

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі өкілдері Құлжа тасжолындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігі өкілдері Құлжа тасжолындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 4 маусымда Құлжа тасжолының Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі бөлігінде қайта жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады. Жаңғырту аясында жолдың енін төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейту жоспарланған. Ұзындығы 2,3 шақырым болатын учаскені қайта құрылымдау қажет. Бөлу жолағын алып тастап, жолды кеңейту арқылы әр бағытта үш қозғалыс жолағы бөлінеді.

Реклама
Реклама

Жолдың жиектеріне қоршау, жарықтандыру орнатылады. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жағынан ені 2-3 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы орнатылады.

Жұмыс үш кезеңде – жолдың батыс, орталық және шығыс жағында жүргізіледі. Жұмыс барысында жолақ жабылады, бірақ көлік қозғалысы екі бағытта да екі жолақта сақталады.

Әр учаскені қайта құруға бір айға жуық уақыт қажет. 25 тамызға дейін таңбалау және белгілер орнату арқылы жолдың барлық ені бойынша қозғалысты ашу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама