30 қыркүйек 2021 13:41

Күлтөбе туралы фильм "The Archeology Channel 2021" кинофестиваліне қатысады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"The Archeology Channel 2021" халықаралық фестивалі аясында белгілі қазақстандық деректі кинорежиссер Алексей Каменскийдің деректі фильмінің арнайы премьерасы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"The Archeology Channel 2021" халықаралық фестивалі аясында белгілі қазақстандық деректі кинорежиссер Алексей Каменскийдің деректі фильмінің арнайы премьерасы көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм сюжетінде ERG (Еуразиялық топ) қаржылық қолдауымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының "Күлтөбе қаласындағы тарихи объектілерді қайта жаңғырту" ғылыми жобасы аясында басталған қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ауқымды археологиялық экспедицияның өту барысы мен алғашқы нәтижелері баяндалған.

Реклама
Реклама

"Күлтөбе қаласындағы тарихи объектілерді қайта жаңғырту" жобасы бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен бірлесе жұмыс істей отырып, біз екі далалық маусымда жобаға қатысты барлық маңызды олжалар мен оқиғаларды тіркеп, бейне материал жинадық. Бірінші кезеңде оператор Дмитрий Шишкин екеуміз археологиялық қазба жұмыстарын тікелей түсірдік. Осы жылдан бастап біз археологиялық жұмыстардан басқа археологиялық ескерткішті қалпына келтіру кезінде консервациялау және ішінара қалпына келтіру жұмыстарын видеоға түсірдік. ҚазҒЗМИ әлеуметтік желілердегі жазылушыларымен бөлісіп қана қоймай, The Archeology Channel 2021 қатысу арқылы кең аудиторияға ұсынылатын деректі фильмге негіз болған қызықты бейне материал жиналды", - деді сценарий авторы және картинаның режиссері Алексей Каменский.

Қазақстандық деректі кинорежиссерлер беделді The Archeology Channel 2021 кинофестиваліне тұңғыш рет қатысады. Мәдени мұра және археология туралы фильмдер көрсетілімінде біздің еліміздің атынан осы фильм көрсетіледі. 

 Американың Юджин қаласында өтетін беделді кинофестиваль 17-ші рет өткізіледі. Кинобайқаудың танымалдығы - оның алдыңғы фестивалінде 26 елден жүзден астам қатысушылары болғандығында. 2003 жылдан бастап The Archeology Channel International Film әлемнің 90 елінен режиссерлар қатысты. Қазақстан бұл беделді көрсетілімге бірінші рет қатысып отыр.

Фильм ағылшын тілінде жарты сағатты қамтиды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram