ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2023 | 11:51
Құмар ойынға жақын қазақстандықтарға несие алуға тыйым салына ма?
Қазақстанда құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тәртібін қатаңдату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда құмар ойын ойнайтын азаматтарға несие беру тәртібін қатаңдату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құмар ойын ойнайтын адамдардың төлем қабілеттілігін бағалауды ұсынып отыр.
Қарыз алушының төлем қабілеттілігі былай бағаланады.
"Атаулы әлеуметтік көмек алушыға немесе ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаға тән белгілері бар қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми кірісі бойынша айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы деп соңғы 6 (алты) айда ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден астам сомаға үштен аса төлем жасаған жеке тұлға анықталған", - делінген жарлық жобасында.
Бұйрықтың толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также