Құмды дауыл және бұрқасын: бүгін ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

2024 жылғы 20 маусым, жұмада Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейіп, тұман және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы 20 маусым, жұмада Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейіп, тұман және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы +35 градусқа дейін жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр мен найзағай, күндіз дауыл, құмды дауыл және бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +26…+28.

Алматы – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +23…+25, күндіз +28…+30.

Реклама
Реклама

Шымкент – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 8-13 м/с. Температура түнде +20…+22, күндіз +33…+35.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +18…+20, күндіз +26…+28.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +23…+25.

Атырау – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Температура түнде +18…+20, күндіз +28…+30.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +24…+26.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +28…+30.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, құмды дауыл. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +23…+25.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, екпіні 20-25 м/с. Температура түнде +22…+24, күндіз +30…+32.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +23…+25.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл, құмды дауыл. Жел батыстан: түнде 7-12 м/с, күндіз 15-20 м/с. Температура түнде +20…+22, күндіз +29…+31.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +30…+32.

Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +21…+23.

Семей – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +21…+23, күндіз +33…+35.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Температура түнде +19…+21, күндіз +30…+32.

Тараз – құбылмалы бұлтты, түнде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +19…+21, күндіз +33…+35.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз құмды дауыл. Жел батыстан 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +22…+24, күндіз +34…+36.

Орал – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +21…+23.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +21…+23, күндіз +30…+32.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама