14 желтоқсан 2022 | 09:02

Күн ашық, 30 градус аяз: 14 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал және оңтүстік-батысында жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Реклама
Реклама

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -14-16 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз 0-2 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +3+5 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная