Күн күркіреп, бұршақ жауады: Қазақстанда 9-11 маусымда ауа райы қандай болады?

Күн күркіреп, бұршақ жауады: Қазақстанда 9-11 маусымда ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Қазақстан тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтеді. "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, сонымен қатар бірқатар аймақта аптап сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Батыс циклоны республика аумағының басым бөлігіне ықпал етеді, соның салдарынан ауа райының құбылмалы сипаты сақталады.

Синоптиктер болжамы бойынша, найзағайлы жаңбыр, екпінді және ұйтқымалы жел күшейіп, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін. 9-11 маусымда Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында нөсер жауады. Кезеңнің басында шығыста, ал кезеңнің ортасынан бастап елдің оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Жарнама
Жарнама

Күндізгі ауа температурасы еліміздің батысында 27-35 градусқа дейін көтеріледі, солтүстігінде 17-28 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-шығыста және орталықта ыстықтың беті қайтып, 25-33 градусқа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін бәсеңдейді, ал шығыста 32-39 градусқа дейінгі аптап сақталады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама