Күн күркірейді, бұршақ жауады және 30 градус ыстық: 26 сәуірде ауа райы қандай болады?

Күн күркірейді, бұршақ жауады және 30 градус ыстық: 26 сәуірде ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстікте жылы, жауын-шашынсыз деп болжанса, солтүстікте жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай, бұршақ және дауыл соғуы мүмкін.

Батыста жауын-шашын болжанбайды, алайда кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыста ауа райы жылы, негізінен жауын-шашынсыз болады.

Жарнама
Жарнама

Қалалар бойынша ауа райы

Астана — құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Алматы — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Шымкент — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Түркістан — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Қонаев — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Талдықорған — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Қызылорда — құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Түнде дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Тараз — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең және күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтау — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Атырау — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Орал — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.

Ақтөбе— құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.

Қарағанды — құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Жезқазған — құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Таңертең және күндіз дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Қостанай — бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 11-13 градус жылы.

Көкшетау — бұлтты, түнде жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі. Күндіз сондай-ақ найзағай, бұршақ, дауыл болады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 11-12 градус жылы.

Петропавл — бұлтты, жаңбыр жауады, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.

Павлодар — бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Семей — құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз дауыл соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Өскемен — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама