"Күн сайын 100-150 қазақстандық банкрот деп танылады" Қаржы министрлігі

Сурет: Freepik.com

Қаржы вице-министрі Ержан Бижанов азаматтарды банкрот деп тану рәсімі туралы айтты. Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда бұл мәртебені күн сайын 100-150 адам алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы вице-министрі Ержан Бижанов азаматтарды банкрот деп тану рәсімі туралы айтты. Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда бұл мәртебені күн сайын 100-150 адам алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңнамаға сәйкес тексеру іс-шараларын жүргізуге жарты жылдық кезең қарастырылды. Яғни, біз наурызда өтінішті қабылдап, дереу банкроттық туралы шешім шығара алмайтын едік. Қыркүйекте бұл кезең аяқталып, банкроттық рәсім басталды. Кеше 377-ден астам адам бонкрот деп жарияланды. Күн сайын 100-150 адам қосылады, яғни олар қазірдің өзінде жұмыста бар", - деді Біржанов.

Реклама
Реклама

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде елде 10 мыңнан астам әлеуетті банкрот бар. Бұл өтініш берген және алдын ала тексеруден өткен адамдар.

"Жалпы, соттан тыс банкроттыққа 65 мың Қазақстан азаматы өтініш берген", - деп нақтылады шенеунік.

Еске салайық, бұған дейін банкрот деп жарияланған алғашқы 300 қазақстандықтың тізімі жарияланған еді. Аталған азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталып, 1414 нөмірі бойынша sms-хабарлама арқылы банкрот деп танылғаны туралы хабарлама алды. Барлық мәліметтер eGov сайтында орналастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная