ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 қыркүйек 2025 15:59
Құны 150 миллион теңгеден асатын қытайлық көліктер контрабандасы әшкере болды
Бас көлік прокуратурасы Қазақстанда жүк көліктерінің экономикалық контрабандасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қадағалау органы жүргізген талдау барысында елімізге Қытай Халық Республикасында өндірілген құны 150 миллион теңгеден асатын, экологиялық талаптарға сай келмейтін жүк автомобильдерін жалған құжаттар арқылы заңсыз әкелу арнасы анықталды.
Қылмыстық істі Бас көлік прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеп жатыр, кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу