ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2021 | 16:04
"Құны жоқ" 2 миллион теңгенің сертификаты: әкімдік түсінік берді
Ақтөбе облысының әкімдігі көпбалалы анаға берілген 2 миллион теңгенің "құны жоқ" сертификатына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысының әкімдігі көпбалалы анаға берілген 2 миллион теңгенің "құны жоқ" сертификатына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкімдік мәліметінше, көпбалалы ана Айсұлу Құздыбаеваға сертификат 1 наурызда Алғыс күнінде өткен шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында берілген.
"Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассемблясының төрағасы ретінде ЭКО басшылығының атынан жалғызбасты ана С.Қалиеваға 100 мың теңгенің сертификатын, "Динар-Электромаш" ЖШС атынан 18 баланы асырап алған Жетесовтер отбасына 350 мың теңге, Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының атынан Айсұлу Құздыбаеваға үйінің жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сатып алуына 2 миллион теңгенің сертификатын берді", - дейді әкімдік өкілдері.
Әзербайжан қауымдастығы жастар қанатының өкілдері қайырымдылық жұмыстары туралы өздері ұсыныс жасап, облыс әкімінен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі ретінде сертификат ұсынуды сұраған.
"Одан бөлек, Айсұлу Құздыбаеваға екі миллион теңгенің сертификаты жөндеу жұмыстары мен жиһаз сатып алуға жұмсалып қойғаны түсіндірілді. 1 наурызда Айсұлу Құздыбаеваның үйінде жөндеу жұмыстары аяқталып, жиһаз да бірден әкелінген болатын. Бүгінде түсіндіру жұмыстарынан кейін Айсұлу Құздыбаеваның әкімдікке ешқандай шағымы жоқ", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.
Еске салайық, бүгін көпбалалы анаға тапсырылған 2 миллион теңгенің сертификатын жалған болып шыққаны хабарланған болатын. Ірі сомасы қағаздағы жазуда ғана болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также