06 маусым 2022 | 18:06

Құрбан Бердыев алматылық "Қайрат" клубынан кетті

Құрбан Бердыев. Фото:vk.com/fckairat

Құрбан Бердыев алматылық "Қайрат" клубынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Құрбан Бердыев алматылық "Қайрат" клубынан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат" футбол клубы және команданың бас бапкері Құрбан Бердыев келісімшарт мерзімін, уақытынан бұрын аяқтау туралы келісімге келгенін хабарлады.

"Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов клуб сапынан кетеді. Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. Жартылай қорғаушы позициясында алматылық клуб жейдесінде 160 ойын өткізген. 90-жылдардың басында Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде "Қайратты" баптады, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. 2021 жылы Бердыев Алматылық клубқа қайта оралды, алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. "Сары-қаралар" Бекиұлының баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан Кубогын жеңіп алды. "Қайрат" футбол клубы Құрбан Бекиұлына және көмекшілеріне, атқарылған жұмыс үшін шын жүректен алғыс білдіреді және алдағы уақытта тек сәттілік тілейді!", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная