Құрбысы түсіріп алған: Жаркенттегі жантүршігерлік жайттың егжей-тегжейі белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Құрбысы түсіріп алған: Жаркенттегі жантүршігерлік жайттың егжей-тегжейі белгілі болды

Жетісу облысында кішкентай баланы сабаған әйелге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Оқиға Панфилов ауданына қарасты Нұркент ауылындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода шамамен 3–4 жастағы баланың аяусыз соққыға жығылғаны көрінеді. Әйел баланы теуіп, қолынан тартып, бұрап, басы мен арқасынан ұрған.

Аудандық әкімдік мәліметінше, бұл елді мекен Қорғас шекара маңында орналасқан, ал оқиға болған үй әлеуметтік осал топтарға арналып бюджет қаражатына салынған. Баланы ұрған әйел сол үйге қонаққа барғаны белгілі болды. Ал видеоны үй иесінің құрбысы түсірген.

Реклама
Реклама

Бұл жазба желіде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қазіргі уақытта баланың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Балаларға қатысты айтар болсақ, олар Жаркенттегі "Жанұя" отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Балалардың жағдайы қалыпты. Әлеуметтік желілерде тараған видеоны үй иесінің телефонына қонаққа келген құрбысы түсіріп алған. Үй иесі Т. дүкенге кеткен кезде телефонын үйде қалдырған. Сол уақытта құрбысы әйелдің өз баласын ұрып жатқан сәтін видеоға түсіріп алған", – деді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі жетекшісі Нұрбол Ханағат.

Әйелге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар, оған қатысты ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама