11 қыркүйек 2024 | 11:54

Құрылыста жұмыс істеуге мәжбүрлей ме? ҰҚК шекарашылардың видеосын түсіндірді

видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысында әскери қызметкерлер құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылғаны айтылған видеоға қатысты пікір білдірді. Кадрлар желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Атырау облысында әскери қызметкерлер құрылыс жұмыстарына заңсыз тартылғаны айтылған видеоға қатысты пікір білдірді. Кадрлар желіде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Атырау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері салынып жатқан облыстық прокуратура ғимараты орнында жұмысқа тартылғаны айтылған. Telegram-дағы басқа басылымдар видеода көрсетілген Шекара қызметінің әскери қызметшілері Қостанай облысынан екенін атап өтеді.

Tengrinews.kz тілшілері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне хабарласып, тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Әскери қызметшілер Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының бұйрығы негізінде Құрманғазы ауданында жаңадан салынған шекара бөлімшесінің қажеттіліктері үшін тауарлық-материалдық заттарды алу мақсатында өңірлік прокуратураға жіберілді. Бұл ретте, әскери қызметшілерді шаруашылық жұмыстарына тарту Қарулы Күштердің жалпы әскери жарғыларының талаптарына қайшы келмейді", - деп жауап берді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная