05 тамыз 2020 | 09:54

Құс тұмауы: Қазақстан Ресеймен шекарада шектеулер қойды

Фото: facebook.com/roditelirossii

Қазақстан H5N8 қауіпті вирусы белгілерінің табылуына байланысты Ресей Федерациясымен шекарада шектеулер қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан H5N8 қауіпті вирусы белгілерінің табылуына байланысты Ресей Федерациясымен шекарада шектеулер қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"3-4 тамызда ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау бойынша федералды қызметтің Челябинскідегі басқармасы аймақта анықталған құс тұмауы вирусының генетикалық белгілері туралы ақпарат таратты. Өлі құстардан алынған барлық сынамада H5N8 тұмауы вирусының кіші түрі анықталды.

Реклама
Реклама

Құстардың барлық түрі тұмауды тез қабылдайтыны белгілі. Бұл - ауыл шаруашылық, синантропты және жабайы құстарға жылдам жұғатын әрі лезде тарайтын вирустық ауру. Сондықтан, құс тұмауының жаппай таралып кету қаупі бар.

Осыған байланысты Увел ауданаралық ветеринарлық зертханасы, Челябі сынақ зертханасы және Владимир қаласындағы жануарлардың денсаулығын сақтау федералды орталығы жасаған диагноз негізінде Қазақстан аумағында эпизоотикалық талаптарды сақтау мақсатында  Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Челябинск облысынан термиялық өңдеуден өтпеген құстарға арналған жемшөп қоспалары (химиялық және микробиологиялық синтездің қоспаларынан басқа), таксидермиялық өңдеуден өтпеген ауланған олжалар (тірі құстар, жұмыртқалар, құс еті және құс етінің барлық түрлері), сонымен қатар құстарды ұстауға, союға және кесуге қолданылатын құрал-жабдықтар әкелуге және тасымалдауға уақытша шектеулер енгізді.

Шекаралас аймақтардағы эпизоотиялық жағдайды облыстардың ветеринарлық қызметі ерекше бақылауға алды", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram