Күш құрылымдарының 3,5 мыңға жуық қызметкері жарақат алды - Бас прокуратура "қаңтар оқиғалары" туралы

Фото ©REUTERS

Бас прокурор Берік Асылов күш құрылымдары қызметкерлері қаңтар айындағы оқиғалар барысында наразылық білдірушілерге қатысты қару қолданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Берік Асылов күш құрылымдары қызметкерлері қаңтар айындағы оқиғалар барысында наразылық білдірушілерге қатысты қару қолданбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асыловтың айтуынша, қаңтар айында болған тәртіпсіздіктер кезінде қауіпсіздік күштері өкілдері шабуылдың көптігіне байланысты агрессияны тоқтата алмады.

"18-20 жас аралығындағы полиция қызметкерлері мен сарбаздарды аяусыз ұрып-соғып, мазақ еткен кадрлар аз жарияланбады. Күш құрылымдарының ішінде 3,5 мыңға жуық адам жарақат алды, бірақ сол кездің өзінде шабуылдаушыларға қарсы ешқандай күш қолданылмады. Сол қиын жағдайда полиция қызметкерлері, Ұлттық Ұланның және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері соңына дейін зорлық-зомбылықты тоқтатуға тырысты, соңына дейін қару қолданбады", - деді Бас прокурор Мәжілістегі баяндамасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама