21 сәуір 2023 | 16:48

"Күштеп ала алмаймыз ғой". Қазақстанда балалар SIM-картасы пайда болуы мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу идеясын талқылап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу идеясын талқылап жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз балалар SIM-картасын, яғни ата-аналардың бақылауында болатын балаларға арналған жеке SIM-картаны енгізуді ұсынып отырмыз. Егер бала осы SIM-карта арқылы Интернетке қосылса, онда ата-ананың рұқсаты қажет болады. Бұл баланы бақылау: ол қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады. Тағы бір мәселе - ата-аналар Интернет уақытын шектей алады. Өйткені балалар кешке дейін Интернетте отырады. Біз мұны балалардың қауіпсіздігін ойлайтын оқу-ағарту министрлігі ретінде ұсынамыз", - деді Еділ Оспан.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік бұл бастаманы басқа да мемлекеттік органдармен талқылауды жоспарлап отыр. Бұл ретте ата-аналар қауымының қолдауына сенеді.

Реклама
Реклама

"Бұл әлі ұсыныс деңгейінде. Техникалық мүмкіндіктерді алдын ала зерттей келе, мұны дұрыс деп санаймыз, өйткені Интернеттегі балалардың қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті болып отыр. Кімнің мектеп жасындағы балалары болса, мені қолдайды деп ойлаймыз. Біз балаларымыздың, айталық, олар үшін қауіпсіз "ақ" сайттарда отыруын қамтамасыз етуіміз керек. Баладан телефонды күштеп ала алмаймыз ғой", - деп қосты Оспан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная