Күштеп, қорқытып ұстаған: БҚО-да қауіпті схема әшкереленді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

БҚО бойынша ҚМА департаменті прокуратураның үйлестіруімен банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО бойынша ҚМА департаменті прокуратураның үйлестіруімен банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ұйымдастырушылар уақытша табыс табу жолы ретінде адамдарға екінші деңгейлі банктерден шот ашуды ұсынған.

"Интернет-банкинг мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен. Мұндай әрекеттерге қатысқан "дропперлер" 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған. Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған", - делінген хабарламда.

Реклама
Реклама

Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

"Эпизодтардың бірінде банк картасы бұғатталғаннан кейін дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіруді талап еткен".

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама