27 сәуір 2022 | 09:23

Күйіп кетейін деп тұрмыз: "Алтын Ордадағы" саудагерлер базар әкімшілігіне наразы

Көрнекі сурет: Әлихан Сариев

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының кәсіпкерлері наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, наурызда салынып біту керек болған сауда орталығына 800-дей саудагер әлі күнге дейін орналаса алмай жүр. Бұлай сенделуін олар басшылықтан көреді. Ал олар құрылыс жұмыстарын бір айдың ішінде толық бітіріп береміз деп сендірген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының кәсіпкерлері наразылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, наурызда салынып біту керек болған сауда орталығына 800-дей саудагер әлі күнге дейін орналаса алмай жүр. Бұлай сенделуін олар басшылықтан көреді. Ал олар құрылыс жұмыстарын бір айдың ішінде толық бітіріп береміз деп сендірген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, 800-ден аса саудагер ғимараттан орын алу үшін қомақты қаражат төлеген. 

"2020 жылдан бастап осы таза базарға ақша жинап бастадық біздер. 2,3 миллионнан құйып бастадық. Төрт бутик алып, 20 миллион ақша құйып тұрмын. Енді қай жаққа барарымды білмеймін. Ана бастыққа барсам, "арыз жаз" дейді, мына жаққа барсақ, бастық неғылады. Екі ортада біздер күйіп кетейін деп тұрмыз", - дейді саудагер Зоя Әлімбетова. 

Реклама
Реклама

Ал тағы бір саудагер Гүлнар Итиярова екі бутик алған. 

"Ақшамызды өткізгенде біз құжат алмағанбыз ол жерден. Енді біздердің талабымыз  жаңа бастық болсын, ескі бастық болсын біздің төлеген ақшаларымызға бутигімізді салып берсін біздерге. Толықтай жасап берсін", - дейді саудагер. 

Осыдан екі жыл бұрын іргетасы қаланған бұл ғимарат кәсіпкерлердің жинаған қаржысына салыныпты. 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы әлі жүріп жатыр. 

Ал кәсіпкерлер нысанның ішіне кіре алмай отыр. Олардың айтуынша, келісім бойынша олар наурызда орналасу керек болған. Алайда ғимараттың құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

"Келісімшарттары бәрі қолында. Менде кабинетте қазір мынандай бума арыз жатыр. Ішінде келісімшартымен тіркелген. Мен бәріне бірауыздан айтып отырмын. Мынау біткен кезде барлықтарың келіп, өз орындарыңды аласыңдар, ашылуын тойлаймыз, жұмыстарыңды бастайсыңдар. Бас директордың тапсырмасымен халықтан бір тиын алмайсың, бюджеттің ақшасымен 1 айдың ішінде бітір деген тапсырма берген маған. "Бітір" деді, мен бітіремін", - дейді базар әкімшісі Ермек Марқабаев. 

Бүгінде бұл ғимаратта тек 200-ден астам сауда нүктесі бар. Бас әкімші қалған кәсіпкерлерді алдағы уақытта салынатын жаңа нысанға орналастырмақ. Алайда, осы уақытқа дейін сылдыр сөзге сеніп келген саудагерлер бұл жолғы уәдеге сенгісі жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная