ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2022 | 11:52
Күзде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет күзде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет күзде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, күзде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр, екпінді жел жиі болады. Арасында жылы, шуақты күндер де күтіледі.
"Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2° градусқа нормадан жоғары болады деген болжам бар. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында - норма шегінде жылы болады", - делінген хабарламада.
Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын - климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также