Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды

Күзде ауа райы қандай болатыны айтылды Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Суық ауа массалары солтүстік теңіздерден Қазақстан аумағының солтүстік жартысына қарай жылжып келеді. 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Қазақстанда қоңыр күз бола ма? "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суық ауа массалары солтүстік теңіздерден Қазақстан аумағының солтүстік жартысына қарай жылжып келеді. 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Қазақстанда қоңыр күз бола ма? "Қазгидромет" синоптиктері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның солтүстігіне суық ауа массаларының келуімен түнде 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін, ал күндіз ауа +8+ 12 градусқа дейін жылынады. Осы декаданың соңында оңтүстік аймақтарда температура сәл төмендейді: түнде +15+20 градустан + 5+15 градусқа дейін, күндіз +27+ 35 градустан +22+27-ге дейін.

"Үшінші онкүндіктің басында Иран аймақтарынан жылы ауа массалары шығарылған кезде, республика аумағында температуралық фон біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр. Алдымен, елдің батыс аймақтары жыли бастайды, мұнда күндіз ауа температурасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі, келесі күндері Қазақстанның қалған өңірлері де жылиды. Солтүстік аймақтарда ауа +17+25 градусқа дейін, орталықта және шығыс өңірлерде +20+28 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде +28+33 градусқа дейін көтеріледі", - деді синоптиктер.

Реклама
Реклама

Метеорологтардың болжамынша, қоңыр күз қазанның екінші онкүндігінде де жылы күндерін сақтап тұрады.

"Алайда түнде температура төмен болады: батыста түнде +5+13 градус болады, күндіз ауа +23+28 градусқа дейін жылынады, солтүстік өңірлерде түнде +2+9 градус, күндіз +15+23 градус, оңтүстік өңірлерде түнде +8+15 градус, күндіз +22+30 градус болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Қоңыр күз деп осы мезгілдің ұзақ, құрғақ, шуақты және салыстырмалы түрде жылы ауа райын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама