12 ақпан 2020 | 11:54

Қылмыскерлер жалған патриоттық ұрандарды жиі қолданады - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "жалған патриоттық ұрандарды" айғайлайтындар заң алдында қатаң түрде жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "жалған патриоттық ұрандарды" айғайлайтындар заң алдында қатаң түрде жауап беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзгенің үйіне баса-көктеп кіріп, тонаумен айналысатын адамдар, сонымен қатар жалған патриоттық ұрандарды айғайлаушылар - бұл, әрине, патриот емес. Бұл адамдар заңды белшесінен басушылар, яғни қылмыскерлер, олардың әрекетінде қылмыстық элементтер бар. Сондықтан олар қоғам алдында және мемлекет алдында заңның барлық қатаңдығы бойынша жауап беруі тиіс", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Нұр-Cұлтанда EXPO 2017 көрме кешенінің Art Hub павильонында Мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі іске қосылды.

Фронт-кеңсенің ашылуы барысында qazvolunteer.kz онлайн-платформаның жұмысы және еріктілердің жеті салалық бағыты бойынша таныстырылымы өтті: Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saúlyq. Осы жобалар бойынша жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың ерікті күшін қолдауға бағытталған шағын гранттар бөлінетін болады.

Фронт-кеңсе - бұл кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталық, ол бүкіл ел бойынша волонтерлік жобаларды үйлестірумен және қоғамдық мониторингпен айналысатын болады.

Оның басқа функцияларының қатарында - оқыту бағдарламаларын әзірлеу, бірыңғай ақпараттық-имидждік саясатты ұйымдастыру, call-орталық арқылы халыққа кеңес беру.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная