Қылмыстық кодексті өзгерту құқығы Әділет министрлігіне беріледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фотоколлаж: Tengrinews.kz

Қазақстанда Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер қайта қаралады. Заңнамаларды түзету құзіреті Әділет министрлігіне беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстер қайта қаралады. Заңнамаларды түзету құзіреті Әділет министрлігіне беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралап, ондағы қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу қажет екенін айтты.

"Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін оларды қайта-қайта өзгерте бермеу қажет. 2015 жылдан бері Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге 1200-ден аса өзгеріс енгізілген.

Уақытша жағдайларға байланысты немесе аясы тар корпоративті мүдделерге бола заңдарды өзгертуге жол берілмеуге тиіс. Сондықтан, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы түзету құзыретін Әділет министрлігіне беру қажет. Ол үшін мекеменің кадрлық әлеуетін нығайтып, заң шығару қызметінің сапасын арттыру керек", - деді Тоқаев.  

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама