14 маусым 2021 | 13:08

Қылмыстық процестің үш буынды моделі: инновацияның ерекшелігі неде?

Азамат Сұртаев. © Tengrinews.kz

Қылмыстық процестің үш буынды моделі дегеніміз не және енгізіліп отырған жаңалықтың мәні қандай? Ендігі өзгерістер қандай болмақ? Бұл сұрақтарымызға Алматы қаласы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі Азамат Сұртаев жауап берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қылмыстық процестің үш буынды моделі дегеніміз не және енгізіліп отырған жаңалықтың мәні қандай? Ендігі өзгерістер қандай болмақ? Бұл сұрақтарымызға Алматы қаласы прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі Азамат Сұртаев жауап берді. 

Айта кетейік, Қылмыстық процестің үш буынды моделінің мәні мынадай:

  • қылмыстық қудалау органы қылмыстарды, оған қатысы бар адамдарды анықтайды, дәлелдемелер жинайды.
  • прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермейді және сотта айыптауды қолдайды.
  • сот органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және түпкілікті үкім шығарады.
Реклама
Реклама

Сұртаевтың айтуынша, инновациялардың басты ерекшелігі - енді прокурордың келісімінсіз іс жүргізу шешімінің заңды күші жоқ. 

"Келісуге және бекітуге: "адамды күдікті деп тану", "іс-әрекетті саралау", "тергеп-тексеру мерзімдерін үзу", "істі тоқтату", "қылмыстық теріс қылық туралы хаттама" және "бұйрықтық іс жүргізу" жатады. Бұрын прокурор, әдетте, қылмыстық істерді зерделеу кезінде ғана заңдылықты тексерді. Яғни, процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған жағдайда ден қою "постфактум" болды", - дейді ол.

Азамат Қырықбайұлының сөзінше, қазір прокурорлар заңсыз шешімдерге дер кезінде тосқауыл қоя бастады. Өткен кезеңде үш буынды модель аясында Алматы прокуратурасы 23 мыңнан астам негізгі шешімдерді қарады. Жалпы, Алматы қаласының өзінде мынадай көрініс байқалады:

Істердің тоқтатылуы 50 пайызға (6 мыңнан 3 мыңға дейін), үзіліс 50 пайызға (10 мыңнан 5 мыңға дейін) төмендеді, ал дұрыс емес біліктілікті анықтау 50 пайызға артты. Күдікті деп тану туралы (218) және әрекетті саралау туралы (87) қаулы заңсыз деп танылды. Осылайша, қылмыстық процеске адамдардың едәуір санын негізсіз тарту фактілерінің алдын алынды. Мұндай тәсіл Конституциялық құқықтардың бұзылуын 28 пайызға төмендетуге де әсер етті.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы айтарлықтай жақсарды. Үш буынды модельдің басты басымдығы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылатындықтан, ол құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселесіндегі кезекті қадам болады", - дейді Сұртаев.

Неліктен қылмыстық процестің жаңа моделі үш буынды деп аталады?

Қылмыстық процестің жаңа моделі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы, прокурор және сот арасындағы өкілеттіктердің аражігін нақты ажыратады. Осыдан атауы - үш буынды модель.

Тергеу органы қылмыстарды және оған қатысы бар адамдарды анықтайды, дәлелдемелер жинайды.

Прокурор жиналған дәлелдемелерге тәуелсіз баға береді, процеске қатысушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермейді және сотта айыптауды қолдайды.

Сот органдардың іс-әрекеттеріне шағымдарды қарайды және түпкілікті үкім шығарады.

Прокуратура үш буынды модельде қандай функцияларды орындайды?

Қысқаша айтқанда, қазір прокуратура тергеу барысында барлық негізгі шешімдерді келіседі және бекітеді.

Бұрын прокурор, әдетте, қылмыстық істерді зерделеу кезінде ғана заңдылықты тексерді. Яғни, процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған жағдайда ден қою "постфактум" болады.

Қазір процессуалдық шешімнің прокурордың келісімінсіз заңды күші жоқ. Бұл адамды күдікті деп тану, оның әрекетін саралау, тергеу мерзімдерін үзу, істі тоқтату және басқалар.

Неліктен осы модельді енгізу қажеттілігі туындады?

Кез келген мемлекеттің дамуы заңнаманы үнемі жетілдірусіз мүмкін емес.

Қазақстан құқықтық қоғамды қалыптастыру жолында.

Өткен жылы Президент өз Жолдауында дамыған елдердің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту қажеттігін атап өтті.

Үш буынды модельді енгізу адам құқықтары саласындағы жоғары халықаралық талаптарға толық көлемде жауап береді.

Үш буынды модель қай елдерде енгізілген? Ол біздің мемлекетімізде қаншалықты сәтті сынақтан өтіп жатыр?

Сот төрелігінің бұл моделі Германияда, Грузияда, Эстонияда және басқа да бірқатар елдерде кеңінен қолданылады және өзін оң жағынан көрсетті.

Бізде ол тек алтыншы айда қолданылады, бірақ қазірдің өзінде оң динамиканы айта аламыз.

Тек бірінші тоқсанда Алматы прокурорлары жүзден астам адамды күдікті деп танудан бас тартты, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы 28%-ға қысқарды.

Осы модель бойынша істер қаралды ма? Сіз жұмыс барысында өзіңіз үшін қандай артықшылықтарды атап өттіңіз.

Өткен кезеңде үш буынды модель аясында Алматы прокуратурасы 22 мыңнан астам негізгі шешімдерді қарады.

Жұмыста сезілетін бірінші нәрсе-прокурорлық қадағалаудың екпінін тергеу аяқталғаннан бастап бастауға ауыстыру.

Жоғарыда айтылғандай, бұл ерте кезеңдерде Конституциялық құқықтардың бұзылуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тарту фактілерінің жолын кескен, яғни олардың Конституциялық құқықтарының бұзулыуының алдын алудың көптеген мысалдар бар.

Болашақта үш буынды модель қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру үшін шаралардың бірі бола ала ма?

Әрине мүмкін. Адам құқықтары саласындағы мемлекеттің функциялары үш міндетпен байланысты:

- Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

- Үшінші тұлғалар тарапынан адам құқықтарын қорғау;

- Адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті заңнама қабылдауды қоса алғанда, қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Үш буынды модельдің басты басымдығы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылатындықтан, ол құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру мәселесіндегі кезекті қадам болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная